10-сыныптар арасында «Білімім – Отаныма!» тақырыбындағы жалпыреспубликалық тәрбие сағаты өтті.
2023-2024 оқу-жылының қорытындысында өткізілетін тәрбие сағатының мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты Әнұранмен басталды. ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін тыңдады, республика бойынша балаларының жетістіктері туралы видеоролик қойылды.
Оқушылардың білім жетістіктері мен тәрбие тағылымы бойынша бейнеролик көрсетілді. Әр оқушының жақсы қасиеттеріне, үлгілі істеріне назар аударылып, марапатталды.