Еліміздің «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі өскелең ұрпақтың денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты болып табылады. Осы мақсатта 1-7 қыркүйекаралығында мектебімізде «Денсаулық апталығы» өткізілді. Апталықтың мақсаты: жеткілікті дене қимылы белсенділігінің , спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тұрмыста және жолда жүріп-тұру қырларын және салауатты өмір салтының мәдениетін өскелең ұрпақ арасында қалыптастыру және әйгілендіру.
Апта барысында 1-6 сыныптарда «Мен-денсаулығымды сақтаймын-өз-өзіме көмектесемін», 7-11сыныптарда «Белсенді ұзақ өмір-жүз жасты тойлауғакепіл!» тақырыптарында денсаулық сабақтары өтті. Бұл сабақтарға мектеп медбикесіМуканова Ақмарал Амангельдиновна қатысып, балаларға көптеген кеңестер берді. 4 қыркүйек күні 1сынып бүлдіршіндеріне қозғалыстың жас жол инспекторлары «Көлік,жол, өмір!» тақырыптарында әңгімелер айтып, жолда жүру ережесін мұқият сақтау керектігін ескертті.
5 қыркүйек күні медбике бастауыш сынып білім алушылары үшін «Дұрыс тамақтану-ұзақ өмір сүрудің кепілі», 6 қыркүйек күні мектеп медбикесі 5-11сынып білім алушылары үшін «Жаман әдеттер және олармен күрес» тақырыптарында дәрістер оқыды. «Аулақ бол жаман әдеттен!» тақырыбы аясында тәрбие сағаты өткізілді. 7 қыркүйек күні «Денсаулық қалпында – рахмет жаттығуға» ұранымен бастауыш сынып білім алушылары дене жаттығуларын жасап, «Көңілді мәре» эстафеталық ойындарын ойнады.
07 қыркүйек күні «Белсенді өмір-ұзақ ғұмыр!» ұранымен жарыстар өткізілді.