4 маусым 2019 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің «Балдырған» жазғы алаңындағы «Бәйшешек» тобы Көкшетау қаласының тарихи мұражайына барды. Мұражай экспозициялар бойынша балаларға қызықты және танымдық дәрістер мен экскурсиялар жүргізді. Мұражайдың бірінші залы бойынша балаларға Абылай хан, Кенесары, Қанай би секілді тарихи тұлғалар туралы, екінші залында В.В. Куйбышев атындағы мемориалды мұражай мұрағаттары қорының кейбір экспонаттары жайлы, үшінші залының экспозициясы Көкшетау қаласындағы темір жолдың пайда болуы және төртінші залында өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі қаланың тарихы туралы мәліметтері ұсынылды, бесінші залында қала мәдениетінің дамуы туралы мағлұматтар айтылды. Балалардың экскурсиясы мұражай ауласындағы экспозициясымен аяқталды.