2019-2020 оқу жылының басынан бастап мектебімізде арнайы жоспар бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізлуде. Кәсіптік бағдар берудін мақсаты: түлектін өмір жолын таңдауға, өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуына көмек көрсету; ата- ана мен ұстаздар неге көңіл бөлгені жөң; оқу гранттары қалай бөлінеді және тағы да көп пайдалы ақпараттар беру.
Кәсіптік бағдармен 11-сыныпты 67 оқушысы, 9- сыныпты 165 оқушысы қамтылған.
Мектептін 2-ші қабатында кәсіптік бағдар беру бұрышы жабдықталған. Жоғарғы оқу орындары және колледждерімен кәсіптік бағдар беру мақсатында мектебімізде кездесу, дөнгелек үстел, сынып сағаттар, т.б іс шаралар өткізіліп тұрады. Қыркүйек пен наурыз айлары аралығында 17 оқу орындарынан келіп кәсіптік бағдар жұмыстары жүргізілді: Академия МВД им. Б. Бейсенова Қараганда қаласы, Ш.Уалиханов атындағы КМУ, Алматы қаласындағы халықаралық бизнес Университеті, Көкшетау қаласындағы жоғары медицина колледжі, Қазақ техникалық университеті, т.б.
Соңымен қатар оқу орындары ұйымдастырған 8 «Ашық есік» күндеріне қатыстық, олимпиада мен сайыстарына қатысып жүлделі орынға ие болдық (Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің география, экология және туризм факультеті ұйымдастырған «Мамандықтарға саясат» атты сайысында 11-сыныптың 4 оқушысы жүлделі орын).
Сауалнамалар, тесттер түрінде профессиографиялық зерттеулер жүргізіліп тұрады. Атап айтсақ, «Менің сүйікті мамандығым», мінез-құлыққа байланысты тест, байқампаздықты анықтауға арналған видео- тест, т.б. Қорытындысы бойынша 9- сынып оқушыларының өз бойында қандай қасиеттерінің бар екенін, кім болғылары келеді және бірінші орынға әскери, дәрігер, инженер,автомеханика мамандықтарын таңдағаның көрсетеді. Ал 11-сынып оқушылары мемлекетіміздегі еңбек нарығында қажет ететін мамандықтарды таңдағаның көрсетеді.
Оқушыларға Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Ұлттық тестілеу орталығының ұсынған пәндер комбинациясы қаңдай білім беру бағдарламаларының топтарына түсуге болатынын туралы инстаграм желісінде ақпарат беріп тұрады.
Бүгінгі күні, қашықтан оқыту кезінде де кәсіптік бағдар – басты назарда! Оқушылар мен ата-аналарға мектеп сайтында орналасқан ақпараттар арқылы, онлайн режимінде ұйымдастырылатын «Ашық есік» күндерге қатысу, сілтеме арқылы оқу орындарының тікелей эфирге қатысуына жағдай жасалуда .