Мектебімізде 2019 жылдың 04 сәуір-14 сәуір аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының онкүндігі аясында іс-шара жоспары құрылып, іс-шаралар атқарылды.
Атап айтар болсақ:
04 сәуір 1-11 сыныптарда «Пайдалы және қауіпсіз интернет» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны мен пайдасы туралы түсінік берілді. Қамтылған оқушылар саны:1446.
09 сәуір 2 сыныптар арасында «Интернет дегеніміз не?» атты сурет байқауы өтті. Оқушыларымыз Интернеттің пайдалы және зиян тұстарын сурет арқылы жеткізе білді. Белсене қатысқан 2 «А», «Ә», «Г», «Д» сынып оқушылары мақтау қағаздарымен марапатталды.
11 сәуір 4 сынып білім алушылары арасында "Желідегі қарым-қатынас этикасы" тақырыбында шығармалар байқауы өткізілді. Шығарма жасөспірімдердің сауатты, мәдениетті қарым-қатынас орнату мақсатында ұйымдастырылды.
15 сәуір 6 сынып оқушылары аралығында «Балаларға бала жасынан бастап қауіпсіз интернет қажет» тақырыбында ойын сабақ өткізілді.
ТІМ Кенжетаева Ұ.Е., Каскарова Г.Т.