Текст
Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінде «Адалдық дүкені» ашылды. Сатушысыз дүкенде оқушылар мен мұғалімдер тауарды адалдық принципі бойынша сатып алады. Мақсаты : Өскелең ұрпақты адалдыққа, шыншылдыққа, өзара сенімділікке тәрбиелеу. «Адалдық дүкенінің» ашылуына мектеп директоры Б.В. Сарсембаева , «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі Исмаилова Ж.С. және 8-10 сынып оқушылары белсене қатысты.