«Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінде 2 «Е» сыныбында «Ана гүл» - атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну.
Ана еңбегін қадірлеу білу.
Балалар аналарына өз қолдарымен жасап сыйлықтарын сыйлады, шағын концерт қойды, тақпақтарын айтты, көріністер тамашалады. Ең соңында аналарымен бірге «Гүл мен көбелек» биін биледі.