Текст
“Төрт тоқсан-төрт өнер” ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде “Айтыс жыр барымтасы” атты дөңгелек үстел өткізілді. Құрметті қонағы ретінде облыстық ақындар айтысының жеңімпазы, жас ақын Берденбек Мырзат мырза шақырылды. Оқушылар айтыскер ақындар туралы ой-пікірлерін ортаға салып, айтыс өнері мен оның ерекшеліктері жайында ой бөлісті.