АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктемгі су тасқыны кезеңінде қолданылатын шаралар

ыыыыыыыыыыыыыыыы

Қыс кетіп көктем келе жатқандықтан, ауа райы мүлдем тұрақсыз болды: таңертең қар жауып, түстен кейін күн сәулесі шығып, ал  түнде керісінше шалжың сулар қайтадан қатып қалу мүмкін. Көктем келе жатыр…

Өзен бетіндегі мұз да көктемді сезінгендей, берік көрінгенімен бұрыңғыдай емес. Көктемгі су тасқыны мезгілі жақындап келеді. Өзендегі мұздың беті күннің көзіне «желініп», еріген су пайда болып, астынан ағынмен шайылып күпсек қарға айналады.

 Көктемгі су тасқыны кезеңінде қолданылатын шаралар.

 

АТА-АНАЛАР!

Балаларды, ересек адамның қадағалауынсыз өзенге жібермеңіз, әсіресе, сең жүрген кезде; оларға өзен немесе көл жайылған кезде мұз бетіндегі қауіпсіздік жөнінде ескерту жасаңыз. Су тасқыны кезінде, тіпті шамалы сең жүргеннің өзінде де жазатайым оқиғаларға әдетте балалар ұшырайтынын ұмытпаңыз. Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, насихаттап отырыңыз, су маңында желігіп ойнауға тыйым салыңыз. Қолдан жасалған сал, тақтай, бөрене немесе жүзіп жүрген сең үстіне шығып ойнауға рұқсат бермеңіз. Өзендегі бөлінген мұз, суық су, жылдам ағымы өлім қауіпін төндіреді. Балаларға көктемдегі сең мен су тасқыны мезгіліндегі қауіпсіздік шараларды түсіндіріңіз. «Мұз бен су бетіндегі тәртіп сақтау, апатқа ұшырағандарды құтқару тәсілдеріне үйрету және зардап шеккендерге көмек көрсету ережелері туралы» тақырыбына сурет сабақтары, әңгімелесулері, байқаулар мен викториналары арналу тиісті. Су бетіндегі жағдайлардың көбі түбінде қайғылы аяқталатын жазатайым оқиғалардан балаларды сақтап қалу үшін қолдан келер барлық мүмкіндік жасау,  әр ұстаздың міндеті болып табылады. 

ОҚУШЫЛАР !

1. Көктемгі су тасқыны мезгілінде мұзға шықпаңдар.

2. Қолдан жасалған сал, тақтай, бөрене немесе жүзіп жүрген сең үстіне шығып жүзуге тырыспаңдар.

3. Бір мұздан екінші мұзға секірмеңдер.

4. Жарлар мен шайылған жағалауларында тұрмаңдар – олар опырылып түсу мүмкін.

5. Көпірде, жағалау айлағына тұрып сең жүруін бақылаған кезде көпір таяныштарынан және басқа қоршаулардан асылып еңкеюге болмайды.

6. Өзен немесе көлде болған жазатайым оқиғаның куәгері болған жағдайда, саспаңдар, үйге қашпаңдар, керісінше айқайлап көмекке шақырыңдар, ересек адамдар естіп қауіпті жағдайдан құтқарып алады.

7. Мұзкептелісі, сал, бөгеттерге жақындамаңдар, сол жерлерде ойнамаңдар.

8. Шұңқыр, ойлар, кәріс қақпақшалар мен құдықтарға жоламаңдар.

9. Балалар, көктемгі су тасқыны мен сең жүрген кезінде абай болыңдар. 

10. Өз өмірлеріңе қауп төндірмеңдер !

11. Мұз ерігінде, өзен мен көлдер жайылғанда су бетіндегі тәртіп ережелерін сақтаңдар !

Жаңартылған күні: 12.04.2019 10:27
Құрылған күні: 12.04.2019 10:27

Текст