АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ШКОЛА-ЛИЦЕЙ №18 ГОРОДА КОКШЕТАУ ИМ.САКЕНА ЖУНУСОВА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОКШЕТАУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біз әлеуметтік желідеміз

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019 жылдың 12 қаңтар күні өткен педагогикалық кеңесінің күнтәртібінде негізгі сұрақтардың бірі болып мектеп асханасындағы оқушылардың тамақтануы қарастырылды.

 

         Оқушылардың тамақтануы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31.10. № 598 бұйрығы негізінде іске асырылады. 

Мектептің интернет ресурсында «Мектептегі тамақтану» атты парақша ашылып, оқушылардың тамақтануы жайлы мәлімет орналастырылады.

 Перспективалы мәзірге сай күнделікті ас мәзірі мектептің басшысымен бекітіліп, асханада ата-аналарға және басқа да заңды өкілдерге көрінетін жерге орналастырылады.

Қызмет жеткізуші ай сайын мектеп басшысына қолданатын тағамдар тізімі бойынша есеп беріп, тағамдардың қауіпсіздігін және сапасын дәлелдейтін құжаттарды қоса ұсынады.

Мектепте құрамына қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті мүшесі, әкімшілік, медбике кіргізіліп тамақтанудың сапасын бақылау комиссиясы және құрамына ата-аналар комитеті мүшесі, әкімшілік, медбике, асхана меңгерушісі кіргізіліп бракеражды комиссия құрылады. Бұл комссиялардың басты міндеті: жеткізілетін тағамардың сапасын, ас дайындау технологисын, тоңазытқыш жабдықтардың дұрыс жұмыс жасауын, тағамдардың сақталу мерзімін және сақтау шарттарын бақылау. Комиссия жұмысының нәтижесі тоқсан мәлімет түрінде рәсімделіп, педагогикалық кеңестерде қарастырылады, мектептің интернет ресурсына орналастырылады.    

          2018-2019 оқу жылының екінші жартыжылдығында жалпы оқушы саны 1440. Оның тегін тамақпен қамтылатын оқушылар саны 289: 134-сы 1 сынып оқушылары, 149-і әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балалар, 6-ы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар. 149 әлеуметтік жағдайы төмен оқушылардың 72-і 1-4 сынып оқушылары, 77 оқушы 5-11 сыныптарда оқиды.

Жаңартылған күні: 09.04.2019 19:05
Құрылған күні: 09.04.2019 19:05

Текст